Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастырушы тұлға
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне арналған 9"А" сынып пен 6"А" сынып оқушылары мерекелік іс-шара өтті. Бүгінгі шарада оқушыларымыз ұстаздарына деген шексіз алғыстарын өнер арқылы жеткізіп, әсем ән шырқап, жүрекке жылу сыйлайтын жырларын арнады. Әрбір қойылымнан шәкірттің ұстазына деген құрметі мен сүйіспеншілігі айқын көрінді. Мектебіміздің ұстаздары кәсіби мерекелерімен құттықталып, еңбектері еленіп, марапаттарға ие болды.