АҚПАРАТТЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде «Қаржылық сауаттылық, лудомания, құмар ойындарға қарсы» ақпараттық сағаты өткізілді. Мектеп психологы Р.Сагиндикова оқушыларға лудомания (Ойынға тәуелділік)— бұл құмар ойындарға тәуелділік, ол адамды ойынды бақылаусыз ойнауға мәжбүр ететіндігін ескертіп, психологиялық және қаржылық мәселелерге алып келуі мүмкіндігін жеткізді. Лудоманияның белгілері: Оқушыларға ойынға деген тәуелділіктің белгілерін түсіндіру қажет.