ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№67 негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 09 қазан күні 5,6,7,8,9-сыныптың қыз балаларының қатысуымен тәрбиелік мақсаттағы қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Мырзабаева, педагог-психолог Р. Сагиндикова және қыздар ұйымының жетекшісі Г. Айнабек қыз балалардың жас ерекшеліктеріне сай өзекті тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізді.