4 МАУСЫМ — МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
Еліміздің егемендігін айшықтайтын Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Мереке құтты болсын! #Біртұтас_тәрбие #Шымкент_білім_басқармасы