03
сентябрь
2024
" МЕНІҢ ОТАНЫМ– ҚАЗАҚСТАН"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2 қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-9 сыныптарында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сабақтары ҚР Мемлекеттік Әнұранымен, апта дәйексөздерімен басталды.
Білімге деген құндылықты қалыптастыруға, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылысты арттыруға бағытталған сабақтарда оқушылар Отан, Туған жер туралы өлеңдерін оқып, видеороликтер тамашалады. Сынып сағаты қауіпсіздік сабағымен аяқталды.

