16 наурыз-Шаңырақ күні » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » » 16 наурыз-Шаңырақ күні
18
март
2025

16 наурыз-Шаңырақ күні

Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
Әрбір шаңырақта қазыналы қарттарынан тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алып бойына сіңіріп өскен жас жеткіншек-ұрпақтар — қазақи құндылықты біліп, ақ пен қараны айырып, адамгершілік, рухани азық жинап өседі. 
“Тәрбие - тал бесіктен”-деген ата-бабамыз!
 “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші. Әрбір жанұя әрбір игі істе жұмылған жұдырықтай бірге болса, алмайтын қамал, бағындырмайтын белес болмайды!
“ШАҢЫРАҚ күні” құтты болсын!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив