23
апрель
2025
"23- сәуір - Ұлттық кітап" күнін атап өту
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі Республикалық ғылыми - практикалық кітапханасының 2025 жылғы 04 сәуірдегі №73 хатына сәйкес "23- сәуір - Ұлттық кітап" күнін атап өту мақсатында Шекарасыз кітапхана: "Бір қала - Бір кітап" аясында таңдалған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, драматург, Қазақстанның Құрметті журналисі Захардин Қыстаубайұлының "Тұман" атты кітабының таныстырылымына арналған "Жазушы келбеті" атты әдеби кеш өтті. Оқушылардың қатысуымен Тұман кітабынан көрініс қойылды. №67 негізгі орта мектеп оқушысы 8 сынып оқушысы Байзақ Ақтолқын көк жайлау әнін шырқап жазушы қолынан алғыс хат алып, жазушымен сыр сұхбат алмасып қайттық.
