«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » » «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
16
апрель
2025

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

  Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған дәстүрлі «Абай оқулары» байқауының Абай ауданы бойынша жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Шымкент қалалық Управления образованияна қарасты № 67 негізгі  орта білім беретін мектебінің шәкірттері мен ұстаздары қатысып, марапатталды.
    Абай шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту, сондай-ақ ұлы ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті нығайту мақсатында өткізілген байқауға жас жеткіншектеріміз 2ә сынып оқушысы Көпжасар Ескендір жүлделі І- орын алып,30 000 теңгелік сертификатпен марапатталды жетекшісі Нарынова Мақпал. 5 сынып оқушысы Данияр Айым жүлделі ІІ-орын алып, 20 000 теңгелік сертификатпен марапатталды жетекшісі Каирбекова Алия  қатысып, үздік нәтиже көрсетті.
      Жеңімпаздарды Коммунальное государственное учреждение Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Сапарбайқызы Айтбаева және қалалық «Абай оқулары» байқауының қазылар алқасының төрағасы, «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын, «Қаратау» өнер мектебінің директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Біржан Ғаниұлы Байтуов арнайы марапаттап, жүрекжарды тілектерін білдірді.
#ШымкентБілім
#АбайМұрасы
#ЖасҚаламгерлер
#ҰлтРуханияты
#АбайАуданы
#АбайдыОқимыз
#АбайШығармалары
#ТілМәртебесі

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив