09
апрель
2025
ЖАСӨСПІРІМДЕР ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
2025 жылғы 09 сәуір күні қаңтар күні №67 негізгі орта білім беретін мектебінде кезекті «Ерте жүктілік деген не?» «Ерте жүктіліктің алдын алу»тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 7-9 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзабаева Мадина Абдикаимовна ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.
Мектеп психологы Сагиндикова Райхан оқушы қыздар арасында ерте жүкті болу, қыз бала болашағына, денсаулығына зиян екендігін,ерте жүктілікте құқықбұшылыққа жататыны туралы айтып слайд көрсетіп кең түрде түсінік берді.Қазіргі қоғамдағы қыздар арасындағы жат қылықтар туралы және оқушы қыздар арасында 13-18 жас аралығында ерте жүктілік көп кездесіп жатқандығын ,кешкі жақын көшеде сағат 20-00 дан кейін шықпау, және туылған күндерді өткізбеу, қыз бала туысқандар болсада үйіне қонбау керектігі ескертіліп айтылды.
Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі Аккулиева Гүлім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
