ХАБАРЛАНДЫРУ!
Балаларды 1- сыныпқа дайындау мақсатында 2025 жылдың маусым,шілде,тамыз айларында (күні нақты болған кезде көрсете отырып 6-28 күндері аралығында) Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерінде «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курсын өткізу жоспарлануда.
Даярлық курсының мақсаты: балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау.Құзыреттіліктерді дамыту,мектепте оқуға тұлғалық,зияткерлік, әлеуметтік- психологиялық дайындықты, баланың оқуға ынтасын қалыптастыру.Баланың білім алуға деген қызығушылығы мен қалауын,ересектермен және құрдастарымен қарым- қатынас жасауын дамыту.
Бұл- мектепке дейінгі ұйымға бармаған балалардың ата – аналары үшін маңызды ақпарат.
Ескерту: толық ақпарат алу үшін балаңыздың 1- сыныпқа құжатын тапсырған білім беру ұйымына хабарласуыңызға болады.