04
июнь
2025
Табиғатты аяла – болашақты сақта!
N67 негізгі орта білім беретін мектебіміздің жанында ашылған "Болашақ" жазғы лагерьде ерекше күндердің бірі өтті! Балалармен бірге "Табиғатты аялайық" тақырыбында қызықты іс-шара ұйымдастырылды.
Бірге табиғат аясында пикникке шықтық, таза ауада ойнап, көңілді уақыт өткіздік. Балалар өз қолдарымен табиғаттың көріністерін бейнелеп суреттер салды – жасыл ағаштар, гүлдердің бейнесі бәрімізді тәнті етті!
Бұл күн балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын ұғындырды.
