ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ – 2025: ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ АЛҒАШҚЫ КҮН! » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » » ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ – 2025: ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ АЛҒАШҚЫ КҮН!
26
май
2025

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ – 2025: ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ АЛҒАШҚЫ КҮН!


Бүгінгі күн – ерекше. Өйткені лагерьдің бірінші ауысымына 1 -5 сыныптың кішкентай оқушылары келіп, жазғы қызықтың нағыз көрігін қыздырды! 
 Таңғы саптадан басталған күн ойын мен шаттыққа толы болды. Балалар көңілді ән айтып, би билеп Әр баланың жанарында – қуаныш, жүзінде – күлкі!
 Шығармашылық сағаттар,
 Спорттық жаттығулар 
 Зерделік тапсырмалар...
Балалардың белсенділігі мен қызығушылығына қарап-ақ, бұл жаздың ұмытылмас болатынына сенімдіміз!
 Мақсатымыз – әр бала үшін лагерьдегі әр күнді жарқын естелікке айналдыру. Ата-аналар үшін – сенімді орта, балалар үшін – еркіндік пен достыққа толы демалыс.
 Лагерь тек демалыс емес, бұл – достықтың мекені, шығармашылықтың орталығы және бақытты балалық шақтың куәсі!
 Алда әлі талай қызықтар күтіп тұр! Жаздың әр күні қуанышқа, бал күлкіге толы болсын!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив