СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » » СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ
20
май
2025

СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ

Жаз мезгілінде суға шомылу адам денсаулығына пайдалы болғанымен, тиісті қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда орны толмас қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Соңғы уақытта су айдындарында адамдардың батып кету оқиғалары жиілеп кеткенін ескере отырып, төмендегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз:
 • Рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылмаңыз;
 • Балаларды қараусыз су жағасында қалдырмаңыз;
 • Мас күйінде суға түспеңіз;
 • Қауіпті ойындарға жол бермеңіз (су астында ұстап қалу, итеру және т.б.);
 • Қатты толқын, ағыс бар кезде суға шомылудан бас тартыңыз.
Есіңізде болсын: судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап қалудың кепілі.
Бату қаупінің алдын алу – әр адамның ортақ міндеті.
Қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өміріңізге жауапкершілікпен қараңыз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив