20
май
2025
ЭССЕ БАЙҚАУЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектеп
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдесінде №194 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының
2-қосымшасындағы жоспарына сәйкес, Елімізде мамыр айының төртінші аптасында өтетін «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылады. Оқу жылын қорытындылап, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін білім алушылар арасында эссе байқауын ұйымдастыру ұсынылды.
Осыған орай мектебімізде 1-4 сынып оқушылары
1–4 сыныптар: «Таза Қазақстан» тақырыптық бағытында;
5-9 сыныптар: «Заң және тәртіп» тақырыптық бағытында эссе жазып байқауға қатысуға ат салысты.
Мақсаты: білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.