«Кітапхана-рухани білім ордасы» мектеп кітапханасына саяхат » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » » «Кітапхана-рухани білім ордасы» мектеп кітапханасына саяхат
21
октябрь
2025

«Кітапхана-рухани білім ордасы» мектеп кітапханасына саяхат

«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында №67 негізгі орта білім беретін мектептің 2«а» сынып оқушылары бүгін кітапханаға алғашқы қадамы, кітапханаға саяхат сабағы өтті. 
Мақсаты: 2 сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Оқушылардың кітапқа  деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.
Кітап әлемінің табалдырығын аттаған-ақ кітапхана меңгерушісі  Р.Самбаталиева оқушыларды қарсы алып, кітапханамен таныстырды. Оқушылар кітапхана туралы және балаларға арналған әдебиеттер туралы кітапханашы апайдың айтқанын қызығушылықпен тыңдады.
Сынып жетекшісі Ж.Торекулова оқушылардың кітапхананың оқу залдарында өздерін қалай ұстау керектігін, кітапты қалай пайдалану керек екенін және кітапты жыртпай кірлетпей, бүлдірмей таза, ұқыппен ұстау керек екенін айтып берді.
Іс-шара барысында оқушылардың назарына ертегі кітаптар, әдеби шығармалар және де тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды.
Школьникам кітапхана өте қатты ұнады. «Кітап-білім бұлағы, кітап-білімнің қайнар көзі».
Кітап оқу – тұлға биігіне баспалдақ! Кітап оқып оқушыларымыздың зейіні ашылсын!

https://www.facebook.com/share/v/1J1Ro8HoKg/
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив