Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті! » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » » Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті!
22
октябрь
2025

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті!

 «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті! 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебімізде Ұлттық мереке — 25 қазан «Республика күні» қарсаңында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында ерекше маңызы бар патриоттық іс-шара – «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті.
Бұл күн – тәуелсіз еліміздің мәртебесін, елдік рух пен азаматтық жауапкершілікті дәріптейтін қастерлі мереке. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық, елжандылық және адалдық құндылықтарын қалыптастыру, сонымен қатар олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымын нығайту болды.
 Салтанатты жиын барысында мектебіміздің үлгілі, белсенді оқушылары «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Бұл – олардың жауапкершілік пен адалдыққа, білім мен еңбекті жоғары қоюға деген алғашқы қадамының символы.
 Әнұран шырқалып, жас қырандардың ант беру сәті қатысушыларды рухтандырып, Отанға адал қызмет ету мен ел болашағына үлес қосуға деген сенімін арттырды.
 Мұндай тағылымды шаралар «Адал  азамат  біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асып, өскелең ұрпақтың ұлттық рухын, еңбекқорлығын және азаматтық белсенділігін қалыптастырудың жарқын үлгісіне айналуда.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив