Мероприятие » Страница 11 » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
"ҚАРТТАРҒА ЕҢБЕК ҚОЛЫН СОЗУ"
31
март
2025
"ҚАРТТАРҒА ЕҢБЕК ҚОЛЫН СОЗУ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  №67 негізгі орта білім беретін мектебінде  31 наурыз күні мектептің "Өзін-өзі басқару"кеңесінің мүшелері және "Адал ұрпақ"  ерікті клубының жетекшісі   Айнабек Гүлжан мен мектептің әлеуметтік педагогы Сламбек Айгерім және 9 сынып оқушылары"ҚАРТТАРҒА ЕҢБЕК ҚОЛЫН СОЗУ" тақырыбында  мектеп мөлтек ауданында өмір сүретін ата және әжелер үйіне барып көмектесіп қайтты.  Іс-шараның құндылығы: Қарттарға еңбек қолын созу, үлкендерге құрмет көрсету, еңбекқорлыққа
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ САЯХАТ
28
март
2025
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ САЯХАТ
№67 негізгі орта білім беретін мектебі оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 7 сынып білім алушылары мұражайларға, тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар жасау мақсатында   музейге экскурсия  жасады. Мақсаты:  Оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын ояту, ой-өрістері мен танымдық қабілеттерін арттыру, тарихи ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.  Экскурсия
КІТАППЕН ӨТКЕН КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ
28
март
2025
КІТАППЕН ӨТКЕН КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ
Көктемгі демалыс – оқушылар үшін тынығып, жаңа әсер алуға таптырмас уақыт. Бірі саяхаттаса, енді бірі уақытын пайдалы өткізуді жөн көреді. Ал кітап оқу – демалысты мазмұнды өткізудің ең тиімді жолдарының бірі. N67 негізгі орта білім беретін мектеп оқушылары көктемгі демалыста кітап оқуға ерекше көңіл бөлді. Мектеп кітапханасында әр жастағы оқырмандарға арналған түрлі жанрдағы шығармалар ұсынылып, оқушылар қызыға оқыды. Бастауыш сынып оқушылары ертегілер мен танымдық әңгімелерге ден қойса,
"МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП" ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ
27
март
2025
"МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП" ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ
26.03.2025ж күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде  "Мен оқыған бір кітап" челленджі сәтті өткізілді. Бұл іс-шараға 1-9 сынып оқушылары белсене қатысты.   Бұл челлендж оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Кітап оқып, білімімізді бірге арттырайық! https://www.facebook.com/share/v/18jJ7Tq6s3/ #біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Шымкент #QR_Oqu_agartu_ministrligi #Министерство_просвещения_РК 
АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ
20
март
2025
АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ
Мектебімізде  4- сынып оқушылары арасында “Армысың, Әз- Наурыз”  тақырыбында мерекелік ашық тәрбие сағаты болып өтті.                https://www.facebook.com/share/v/1ADBXnjYe6/
20 Наурыз – Ұлттық спорт күні
20
март
2025
20 Наурыз – Ұлттық спорт күні
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында 20 наурыз – Ұлттық спорт күні ретінде ерекше атап өтіледі. Бұл күн ата-бабамыздан мирас болған ұлттық ойындар мен спорт түрлерін дәріптеп, халыққа кеңінен насихаттауға арналған. Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы Қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлері тек дене шынықтыру құралы ғана емес, сонымен қатар, батылдық пен шеберлікті, жылдамдық пен ептілікті шыңдайтын ұлттық мұра. Бүгінде елімізде көкпар, бәйге, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жамбы ату,
"Күй күмбірі" республикалық челленджі
20
март
2025
"Күй күмбірі" республикалық челленджі
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N67 негізгі  орта білім беретін мектебі 2025 жылдың  20 наурызында Астана уақытымен  сағат 11 : 00-де  "КҮЙ КҮМБІРІ"  челленджіне қатысты.  Мақсаты: Ұлттық мәдениет пен өнерді дәріптеу, жас ұрпақтың күй өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мұрасын жаңғырту және насихаттау. Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, күйдің терең мағынасын түсіндіру. Музыкалық мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, домбыра тарту дәстүрін
"Жаңару күні" тал егу шарасы өтті
20
март
2025
"Жаңару күні" тал егу шарасы өтті
Шымкент қаласы №67 негізгі орта мектептің 9  сынып оқушылары, жерімізге көктем лебін, күн шуағының жылуын ала келген, жаратылыс біткенге жан бітіріп, жұрт көңіліне мейірімділік ұялатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының онкүндігі аясында "Жаңару күні" тал егу шарасы өтті #Жаңа_Қазақстан #Әділетті_Қазақстан #Оқу_ағарту_министірлігі #Шымкент_қаласы #Білім_басқармасы #67_мектеп #Біртұтас_тәрбие #Nauryznama2025 #Наурызнама_2025 #19_наурыз #Жаңару_күні #Тал_егу #Қолтаңба_алу #Кітаппен_бөлісу_2025
19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ!
19
март
2025
19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ!
Табиғат қайта түлеп, Жер-Ана жасыл жамылғысын жауып, тіршілік атаулыға жаңа өмір сыйлағанда, біз де жан-дүниемізді жаңартып, жақсылыққа бет бұратын уақыт келді!   Жаңару күні – өткеннің өкінішін ұмытып, жаңа белестерге ұмтылу, жанымызды мейірім мен ізгілікке толтыру, жақсы ниетпен болашаққа қадам басу күні! Бұл күн – жаңа өмірдің, таза ойдың, жарқын болашақтың бастауы!  Көктеммен бірге көңілдеріңізге шуақ ұялап, жүректеріңіз ізгілікке толсын! Әр күніңіз жақсылықпен өрнектеліп, жаңа
16 наурыз-Шаңырақ күні
18
март
2025
16 наурыз-Шаңырақ күні
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар. Әрбір шаңырақта қазыналы қарттарынан тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алып бойына сіңіріп өскен жас жеткіншек-ұрпақтар — қазақи құндылықты біліп, ақ пен қараны