Жылы жүрек-жомарт қол" атты қайырымдылық акциясы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік балалар күніне орай "Бала құқығы-адам құқығы" атты республикалық онкүндік аясында жас жеткіншектерді ұлттық рухта тəрбиелей отырып, бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиетті дарыту мақсатында "Жылы жүрек-жомарт қол" атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан 18 балаға қыстық аяқ киімдер сыйға тартылды.