22
октябрь
2025
МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21 қазан күні “Адал-азамат” бағдарламасы аясында іс шара өткізілді.
«Ұлан басшы» 9”А” сынып оқушысы Жаппар Бағдаулет, «Адал ұрпақ» ұйымының Президенті 9”А”сынып оқушысы Жанатхан Ажар ант қабылдап, ұлықтау рәсімі өтті.
Жаңа президент өз кезегінде, оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты Ант қабылдап, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғары сеніміне алғысын білдірді. Іс-шараға қатысушы барша оқушылар мен ұстаздар қауымы мектептің жаңа президентін құрметпен қарсы алып, құттықтады.