01
апрель
2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
№67 негізгі орта білім беретін мектеп
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі бірлесіп,
1-сыныпқа қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосуда екенін хабарлайды
ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
18 маусым – 31 тамыз
Құжаттар
EGOV «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
Мектепалды даярлықтан өткен және
осы мектепте жалғастыруды қалаған балалар
ата-ананың өтінішімен автоматты түрде қабылданады
Басқа мектепті таңдаған жағдайда
құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады
ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1) Өтініш (бекітілген үлгі бойынша)
2) Баланың туу туралы куәлігі
3) Ата-ананың жеке куәлігі
4) Медициналық анықтамалар:
№065/е – Иммундау паспорты
№052-2/е – Бала денсаулығы паспорты
5) 3×4 фотосурет