12
апрель
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасының «№67 негізгі орта білім беретін мектебі» КММ-нің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылғы 11 сәуір күні өткізілген жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысып, бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, мектеп ұжымы аумақты қоқыстан тазарту, ағаш отырғызу, әктеу-сырлау және ирригациялық жүйелерді ретке келтіру жұмыстарын сапалы түрде атқарды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамды ортақ іске жұмылдыру болып табылады.
Қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – әрбір азаматтың парызы екенін түсінген мектеп ұжымы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды қолдайтын болады.