ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Елордада ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесу өтті. Жиынның негізгі тақырыптарының бірі – еліміздегі білім беру мен тәрбие жұмыстарын дамыту перспективалары болды. Кездесуде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында берген тапсырмаларының іске асырылу барысын баяндады. «Білім жүйесінде өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы министрлік