17 наурыз “Шаңырақ күні”
Қазақ халқы үшін "шаңырақ" сөзі қастерлі ұғым. Бір сөзге бірнеше ұғым сыйдырған. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінде «Шаңырақтың» мәні зор. Ол – ошақтың, ұрпақтың нышаны, сондықтан қазіргі Қазақстанның Елтаңбасында шаңырақтың бейнеленуі кездейсоқ емес. Шаңырақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әулет мұрасы, әке үйі «Қара шаңырақты» ұлдары киелі мекен ретінде қастерлеген. Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын. Мектеп киелі қара шаңырақ ретінде, жас