14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі
Бұл күні жасы үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсету, қонақ күту, мейраммен құттықтап, ізгі тілек жаудыру салты қалыптасқан. Амал мерекесінің мәні Наурызбен біте қайнасқан, себебі ол – Наурыздың алғашқы хабаршысы. Бұл күн – Табиғат-Ананың, Жер-Ананың, жалпы тіршілік атаулының көктемгі жаңаруы мен оянуының бейнесі. Қазақстан халқы үшін Амал дәстүрі отбасыдағы жылылық пен татулықпен тығыз байланысты. Жасы кішілер үлкендердің үйіне арнайы барып, сәлем береді, Жаңа жылда ақсақалдардан бата