'"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"' ЖОБАСЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында мектепте білім берудің мазмұнына баса назар аударғаны белгілі. Сол жиында Президент «отандық кітапханалар өздерінің ағартушылық рөлін жоғалтпай, заманауи талаптарға сай болуы тиіс», деп те атап көрсеткен еді. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын қажетті көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселесін де оңтайлы шешу жолдарын қарастыруды тапсырған болатын. Осы жиыннан соң іле-шала, Мемлекет басшысының