РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС
№67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында өтіп жатқан Репродуктивті денсаулық апталығы аясында 14 мамыр күні 6-8 сынып оқушылары арасында «Салауатты өмір – сенің таңдауың» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. «Ұшқыр ой алаңы» форматында өткен бұл дебат қозғалысы оқушылардың сыни ойлау қабілетін шыңдап, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын ашық білдіруіне мүмкіндік береді #Жаңа_Қазақстан #Әділетті_Қазақстан #Оқу_ағарту_министрі #Біртұтас_тәрбие