«Отбасы тәрбие бастауы» » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы тәрбие бастауы»
02
сентябрь
2021

«Отбасы тәрбие бастауы»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде
Отбасы  тәлім тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-аналар ынтымақтастығын күшейту мектеп пен ата –ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп,өз ойларын айтуға үйрету,жауап беру қабілеттерін дамыту мақсатында «Отбасы тәрбие бастауы» тақырыбында 26 тамыз күні   жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Өткізілген жалпы ата-анлар жиналысының міндеті
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі
Ата-ананың оқу тәрбие саласындағы рөлі
Алдағы уақытта «Үштік одақ» яғни ата-ана-оқушы-мұғалім» бірігіп ынтымақтастықта жұмыс жасау.
                         Күн тәртібі: 
1. 2021-2022 оқу жылының дайындығы менсанитарлық талаптарды ескере отырып білім алатыны туралы
2. 2021 -2022 оқу жылындағы мектептің ішкі ережесі,мектеп формасы туралы таныстыру.
3. Мектепке жол акциясы
4.Құқық бұзушылықтың алдын алу,жол қауіпсіздік ережелері.
5.ҚР Білім және ғылым министірінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде тәрбие жұмыс жоспары жасалды.
6. 2021-2022 оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау мәселелері талқыланды.Аталған мәселелер бойынша мектеп директоры және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сонымен қатар психолог пен әлеуметтік сөз сөйледі. Жиналыс мәселелерінің бірі ата-аналар комитетін және оның құрамын сайлау болды. Ата-аналар комитетінің төрағасы болып Досмамбетова Роза апай дауыс беру нәтижесінде сайланды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қуанышова Назира апай сөз алып 2021-2022 оқу жылына сәттілік тілеп ата-аналар атынан толағай табыстар мен оқу жылын аман есен аяқтауымызға тілектестік білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив