10
декабрь
2020
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі!"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектеп педагог-психолог Сагиндикова Райхан, аға тәлімгер Мырзабаева Мадина, қыздар жиналысының жетекшісі Молдабаева Гүлмираның ұйымдастыруымен "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі!" тақырыбында мектебіміздің 6-9 сынып қыздарының арасында еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі санитарлық талаптарды сақтай отырып жиналыс өткізілді. Жиналысқа қатысқан барлық қыздар санитарлық талаптарды қатаң ұстанып, бетпердемен, ара қашықықты сақтап отырды. Жиналыстың негізгі мақсаты: қазіргі кезде елімізде орын алып отырған мектеп жасындағы оның ішінде 13-14 жасар қыз балалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, интернеттегі жігіттерді қойып қыздар арасындағы түрлі төбелестерден бойларын аулақ ұстауға, инабаттылыққа тәрбиелеу. Осы мақсатта ерте жүктіліктің зияны мен қыз балалардың зорлық-зомбылық көруі жөнінде бейне көрсетілім қойылып, жеке гигиеналық тазалықты сақтау, қыз баланың басты міндеті өз абыройын жоғары қоюы жөнінде ашық әңгімелер жүргізілді.