08
декабрь
2021
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 30 ІС-ШАРА
«КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №67 негізгі орта білім беретін мектеп кітапханасында
Ыбырай Алтынсаринге —180 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық» мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру мақсатында өткен мәнерлеп оқу сайысында оқушылар Ұлы тарихи тұлғаның алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы туралы мағлұматтармен танысып, сайыс арқылы оқушылардың ынтасы, белсенділіктері артты.
Екі топқа бөлініп, Ыбырай атамызға арнап шығармалар жазып өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп айтты. Білімдерін шыңдауға арналған мәнерлеп оқу сайысы оқушыларға ұнап қалды.