27
апрель
2022
“ЗАМАННЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ” ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ-110 ЖЫЛ
№67 негізгі орта мектебінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі жол картасы бойынша атқаратын іс-шара жоспарына сәйкес көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ғылым акадеиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, үш мәрте Еңбек Ері, асқақ тұлға -Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай мектеп оқушыларымен танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағат тарих пәні мұғалімі Кенжегүл Жайнибаева мен кітапханашы Райхан Самбаталиеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Танымдық сағатқа Дінмұхамед Қонаевтың өмірі, қызметі, қазақ халқының тарихында алатын орны туралы құнды ойларымен бөлісті.