26
май
2022
СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Бүгін бітіруші түлектер үшін қайталанбас , маңызды да мәнді , тебіреніске толы күн.
9 жыл бойы білім алып, тәрбие тұнығынан сусындаған балапан қанат қарлығаштар бұл күнде қанаттары қатайып, бала шақтан болашаққа самғағалы отыр.
Шымкент қаласы №67 негізгі орта мектеп әкімшілігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығы мен Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының арнайы жіберілген хатының негізінде 25 мамыр күні 2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты және "Соңғы қоңырау" мерекелік іс-шараны ұйымдастыру мақсатында "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты салтанатты жиынды ұйымдастырып өткізді.