21
сентябрь
2022
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта мектебінде оқушылардың мектептегі басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, өз бетінше таңдау жасауға дағдылану, мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу мақсатында оқушылардың "Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін" және "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы мен "Адал ұрпақ" ұйымының президентін ұлықтау рәсімі болып өтті.
"Өзін-өзі басқару" ұйымының фракция жетекшілері болып төмендегі оқушылар сайланды.
1. Құқық және тәртіп фракция жетекшісі- Әділхан Дидар
2. Қамқорлық (еріктілік) фракция жетекшісі- Томанова Әсем
3. Мәдениет және өнер фракция жетекшісі- Бекқожа Жанерке
4. Экология және еңбек фракция жетекшісі- Саятұлы Санжар
5. Ақпарат фракция жетекшісі-Шарипбекқызы Назым
6. Дебат қозғалысы фракция жетекшісі-Сапарәлі Назгүл
7. Спорт және салауатты өмір салты фракция жетекшісі- Полатхан Жанасыл
8. Өзін-өзі тану және бақыт фракция- Қуантқан Аян сайланды.
Мектеп Президенті мен фракция мүшелері алдағы уақытта бірлесіп, жүйелі жұмыстар атқарады деген сенім артылды.