“АНАЛАР, ӘЖЕЛЕР” МЕКТЕБІ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “АНАЛАР, ӘЖЕЛЕР” МЕКТЕБІ
14
ноябрь
2022

“АНАЛАР, ӘЖЕЛЕР” МЕКТЕБІ

Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі –бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы.
Сонымен бірге жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазақ отбасында өз балаларына үлкендерді құрметтеу, сыпайылық, қарапайымдылық сияқты қасиеттерді сіңіре отырып, қыздардың киіміне, іс-әрекеттері мен мінез-құлқына, сөйлеу мәнеріне үлкен мән берді.
 Біздің мақсатымыз - әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, балаларды өмірге үйрету, мектептегі қыз балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі қыз, төзімді ана, қайратты жан болуға, әсіресе, қыздарды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. 
2022 -2023 оқу жылының басында мектептің 1-9 сынып оқушыларының аналары, әжелері арасынан «Әжелер мектебі» клубының мүшелері сайланып, жұмыс жоспары құрылды. 
11 қараша күні «Әжелер мектебі» клубының мүшесі Барлыбаева Алтынкүл, қыздар ұйымының төрайымы Молдабаева Г.С, мектеп психологы Сагиндикова Р.К, аға тәлімгер Мырзабаева М.А қатысуымен “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында қыздар жиналысы  өткізілді. Жиналыс  барысында әжей  білгенімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив