01
февраль
2023
«Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектеп «Мектеп парламенті» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы Экология және еңбек фракциясы жетекшісі А.Ижанова және аға тәлімгер М.Мырзабаеваның ұйымдастыруымен «Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеп, оларға жаңа өмір сыйлауына мүмкіндік жасау, оқушылардың экологиялық білімін тереңдету, оларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.