«Әріптеске құрмет» » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әріптеске құрмет»
10
март
2021

«Әріптеске құрмет»

 «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты» дейді дана халқымыз. Шымкент қаласындағы №67 негізгі орта мектептің жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр оқушысының үлкен өмірге білімді азамат болып аттануына зор үлес қосып келе жатқан, мейірбан жүректі ұстаздарымыздың бірі - математика пәнінің мұғалімі Кемелбекова Күлзипа Әмірқызы. Ол алғашқы еңбек жолын 1987 жылы Түлкібас ауданы, Тоқтар Әубәкіров атындағы жалпы орта мектептен бастаған. 34 жыл тынбай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз еңбектері «Білім мен ғылым дамуының бүгіні мен келешегі»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағына енген, ал оқыту мен тәрбиелеудегі  білім мен білік дағдылары бойынша жұмыстары әдістемелік газет-журналдарға жарияланып тұрады.
     Күлзипа Әмірқызының оқушылары пәндік олимпиадалардан, қалалық түрлі сайыстарда жүлделі орындар иеленіп келеді.
         “Мектептің  жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім”, – дейді Ахмет Байтұрсынов. Ұстаз еңбегінің арқасында әкім де, небір өнертапқыш та, әнші, биші бәрі де ұстаздың салған сара жолымен жүрген жандар десек қателеспейміз. Осындай жолмен жүріп келе жатқан Күлзипа Әмірқызы - педагогикалық қызметке ұдайы ізденімпаз, педагогика жаңалықтары мен озық әдіс-тәсілдерді талапқа сай қолдана білетін, жаңашыл ұстаз.   
     Күлзипа Әмірқызы  жаңашылдығы, әр баланың жан дүниесін терең зерттеп, тұлға ретінде қалыптасу жолында атқарған еңбектерінің арқасында әріптестері мен шәкірттері алдында зор құрметке ие.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив