Біз туралы » Страница 115 » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»
20
ноябрь
2021
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»
Халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді. Қайырымды адамның жүрегі таза, мейірімді, жақсы адамның жаны нұрлы болады дейді. Осындай игі істі  №67 негізгі орта мектебіміздің демеушісі Телеуова Күлшат ханым биылғы оқу жылында  тұрмысы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қыстық аяқ киім алып берді. Мақсаты - әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына материалдық қолдау көрсету.
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕПКЕ БАСТАЛДЫ!!!
20
ноябрь
2021
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕПКЕ БАСТАЛДЫ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 67 негізгі орта білім беретін мектебінің оқушылары ерікті түрде ата-аналарының қатысуымен америкалық Pfizer вакцинасын салдырды. Қалалық № 7 емханасының дәрігерлері короновирусқа қарсы егу процедурасының дұрыстытығын тексеріп, алғашқы дозасын алғысы келгендерге барлық жағдай жасалды. 
" Күз Ханзадасы мен Ханшайымы"
20
ноябрь
2021
" Күз Ханзадасы мен Ханшайымы"
№67 негізгі орта мектепте 20.11.2021 ж.күні 5,6,7,8,9 сынып оқушылар  арасында "Алтын күз" мерекесіне орай " Күз Ханзадасы мен Ханшайымы"мектепішілік байқау ұйымдастырылды. Байқауда оқушыларымыз мың бұралған биі мен әсем әуендері мен және қолөнер туындыларымен сән үлгілері тәнтті етті. Әділ қазы тарапынан әділ бағаланып, оқушыларымыз мәз мейрам болып тарқады.
"Алтын күз" көрме байқауы
20
ноябрь
2021
"Алтын күз" көрме байқауы
Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан. Осыған орай мектебімізде 1-4сынып оқушыларының қатысуымен
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жобасы
20
ноябрь
2021
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жобасы
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жобасы аясында 67 негізгі орта білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі Самбаталиева Райхан және сынып жетекшісі К.Жайнибаеваның ұйымдастыруымен сабақтан тыс 20 минут кітап оқуда 5 "Ә" сынып оқушылары  Алпамыс батыр жырларын мәнерлеп жатқа оқудан көрініс.Кітап оқу дағдысын қалыптастыру арқылы Абай атамыз айтқандай терең ойлы азаматтарды тәрбиелейміз. 
"Жас оқырман-2021"
19
ноябрь
2021
"Жас оқырман-2021"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің 6-сынып оқушылары "Оқушылар сарайы" МКҚК ұйымдастырған "Жас оқырман-2021" байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сайыстың шарты: қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы  Ыбырай Алтынсариннің өлеңі мен әңгімесін жатқа мәнерлеп оқу.  Жетекшісі Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы!       Марапаттарыңыз құтты болсын
"ALTYN SAQA"
15
ноябрь
2021
"ALTYN SAQA"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта білім беретін мектебінің математика пəні мұғалімі Кемельбекова Кулзипа əріптесіміз шəкірттерін білім көкжиегіне жетелеп жүрген аяулы  ұстаз. Шəкірті Полатхан Жанасыл 5-6 сынып оқушылары арасында математика пəнінен өткізілген республикалық "ALTYN SAQA"  олмпиадасында аудандық кезеңіне белсене қатысқаны үшін марапатталды. Əріптесімізді, шəкіртімізді бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жұлдыздарыңыз əрдайым жарқырап тұрсын!
Отан деген – қастерлі ұғым
10
ноябрь
2021
Отан деген – қастерлі ұғым
Отан деген – қастерлі ұғым. Кез келген ұлт өз тілінде «Отан» деген сөзді естісе, міндетті түрде өзінің туып өскен өлкесін ойына алатыны белгілі.  Алла Тағала жұмыр жерді жаратқанда ондағы ауа және су сияқты дүниелерді барша халыққа ортақ етіп жаратты. Алайда осындай ортақ болған дүниелер әркімнін тұрып өскен өлкесіне қарай ерекше сипатқа ие болып құңды болмақ.
«Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көру!»
05
ноябрь
2021
«Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көру!»
Күзгі демалысыңды – шығармашылыққа арна! Оқушылардың күзгі демалысын пайдалы әрі белсенді өткізу мақсатында «Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көру!» ұстанымдары бойынша білім ордамызда эстетикалық бағытта ұйымдастырылған іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысты.   «Күз бояулары» атты сурет, сәнді қолданбалы қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, өнерлі ұл-қыздардың дайындаған жұмыстары паш етілді.
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
03
ноябрь
2021
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жобасы аясында 67 негізгі орта білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары үшін рухани құндылықтарды,оқуға деген қызығушылықты ояту мақсатында үзілістер арасында оқу ұйымдастырылды.Кітап оқуды қолдау және беделін арттыру мақсатында (оқу сәні) орта буын алушылар арасында  "20минут окы да ,3 минут эссе жаз" атты оқырмандар акциясы өткізілді