Жетістіктеріміз » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
15
февраль
2022
"ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы "Дене шынықтыру және спортты дамыту" бөлімінің  2022 жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары арасында "ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ"  жарыстарына  32 мектептен 5-6-:сынып оқушылары қатысты.  Сайыс олимпиадалық жүйемен өтті.  №67 негізгі орта мектептің  оқушыларыда баскетболға  белсене қатысып,  1-ші ойында № 59 мектепті 1:8  есебімен, ал  №47 мектепті 1:4 ұтып, финалда №1 мектеппен кездесті. Нәтижесінде қала бойынша бестіктің қатарына
Еңбекші ауданы бойынша ІІІ орын иеленді
09
февраль
2022
Еңбекші ауданы бойынша ІІІ орын иеленді
№67 негізгі орта мектеп Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт  басқармасының ұйымдастыруымен   футболдан өткен мектеп аралық қыздар лигасының ойындарында Еңбекші ауданы бойынша ІІІ орын иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Арыстанов Нұржан.  Марапаттарыңыз құтты болсын! 
"Бірлік пен келісімге үндейтін ұлттық образ"
22
декабрь
2021
"Бірлік пен келісімге үндейтін ұлттық образ"
Шымкент қалалық  әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіз қазақ елінің мерейлі 30 жылдық мерекесі қарсаңында өткізіліп отырған "Бірлік пен келісімге үндейтін ұлттық образ" атты үздік көрнекі графика және плакат жанры бойынша қала мектептерінің арасында сурет байқауынан №67 негізгі орта мектебінің 5 сынып оқушысы Қабыл Нұрай мақтау қағазын алды. Жетекшісі Мырзахметова Халила.  Марапат құтты болсын!
"Жас оқырман-2021"
24
ноябрь
2021
"Жас оқырман-2021"
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің 6-сынып оқушысы Полатхан Жанасыл "Оқушылар сарайы" МКҚК ұйымдастырған "Жас оқырман-2021" байқауына қатысып, жүлделі  орынға ие болды. Сайыстың шарттарынан  мүдірмей өткен шәкіртіміздің алар асулары әлі көп.      Марапат құтты болсын
"Жас оқырман-2021"
19
ноябрь
2021
"Жас оқырман-2021"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің 6-сынып оқушылары "Оқушылар сарайы" МКҚК ұйымдастырған "Жас оқырман-2021" байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сайыстың шарты: қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы  Ыбырай Алтынсариннің өлеңі мен әңгімесін жатқа мәнерлеп оқу.  Жетекшісі Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы!       Марапаттарыңыз құтты болсын
"ALTYN SAQA"
15
ноябрь
2021
"ALTYN SAQA"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта білім беретін мектебінің математика пəні мұғалімі Кемельбекова Кулзипа əріптесіміз шəкірттерін білім көкжиегіне жетелеп жүрген аяулы  ұстаз. Шəкірті Полатхан Жанасыл 5-6 сынып оқушылары арасында математика пəнінен өткізілген республикалық "ALTYN SAQA"  олмпиадасында аудандық кезеңіне белсене қатысқаны үшін марапатталды. Əріптесімізді, шəкіртімізді бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жұлдыздарыңыз əрдайым жарқырап тұрсын!
Қазақстан тарихы  және география пәндерінен 5-7 сынып  олимпиадасы
25
май
2021
Қазақстан тарихы және география пәндерінен 5-7 сынып олимпиадасы
№67 негізгі орта мектебінің 7- сынып оқушысы Рахметжан Лазина Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан тарихы  және география пәндерінен 5-7 сыныптар арасындағы қалалық олимпиадасына қатысып II дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі- география пәнінің мұғалімі    Ижанова Айнұр Абдуллақызы. Сізге шығармашылық табыс тілейміз!!!
"ҮЗДІК  ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ"
14
май
2021
"ҮЗДІК ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ"
"ҮЗДІК  ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ"  ҚАЛАЛЫҚ СЫРТТАЙ  БАЙҚАУЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІ МЕН ОЗЫҚ ИДЕЯСЫН ҰСЫНЫП,  ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСКЕНІ ҮШІН №67 НЕГІЗГІ  ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ  БЕРДАЛИЕВА МЕЙРАМКУЛ  ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ    І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ
" Theoretical and practical directions"
13
май
2021
" Theoretical and practical directions"
No 67 secondary school . Letter of Thanks is given to English teacher Gulzhamal Bukhorboyeva for " Theoretical and practical directions" in the framework of the event on " Online open classes" for professional skills and creative work  Aim: teach students to protect the nature
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ) КЕЗЕҢІНІҢ  ЖЕҢІМПАЗЫ
07
апрель
2021
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ) КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
67 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ  8 СЫНЫП  ОҚУШЫСЫ АЛТЫБЕК ГҮЛНУР ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН  ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ) КЕЗЕҢІНІҢ  ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛЫП *І ДӘРЕЖЕЛІ* ДИПЛОММЕН  МАРАПАТТАЛДЫ.