"Ассаламу алейкум Ташкент" атты би конкурсына қатысып гран-при алды
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің 1"А" сынып оқушылары Ибадулла Айкөркем , Ілес Нурсила мен 1 "Ә" сынып оқушысы Көпжасар Томирис Бақытқызы Өзбекстан Респуликасының Ташкент қаласында өткен "Ассаламу алейкум Ташкент" атты би конкурсына қатысып гран-при алып келді. Мектеп директоры Ханзура Бекжанқызы бүлдіршіндірге марапаттарын табыстап, жеңістерімен құттықтады. Жас таланттардың өнерлері өрге жүзсін. Жеңіс құтты болсын!