Құрметті ата-аналар!
Қысқы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі сіздердің бақылауларыңызда болуы өте маңызды. Балаларыңыздың қысқы демалысты қауіпсіз және пайдалы өткізуі үшін келесі ережелерге назар аударуды сұраймыз: 1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі: Балаларыңызға жолда жүру ережелерін еске салып отырыңыз. Балаларға жаяу жүргінші жолақтарынан өту қажеттігін түсіндіріңіз. Қараңғы уақытта немесе кешкі мезгілде баланың киімінде жарық шағылыстырғыш элементтер болғаны дұрыс. 2. Мұз және қар үстіндегі қауіпсіздік: