Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта білім беретін мектебінде, кәмілетке толмағандардың кінәсімен және қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында ДТІЖО М.Мырзабаеваның ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына сынып сағаттары өтіліп, жол белгілері, жол тәртібін сақтау және жаяу жүргіншілер жолағынан өту туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. #Жаңа_Қазақстан