Республика күніне арналған сурет байқауы!
15 қазан 2025 жылы №67 негізгі орта мектепте Республика күніне орай "Менің Қазақстаным" атты республикалық сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылар өз туындыларында Қазақстанның көркем табиғатын, бейбіт өмір мен Тәуелсіздіктің қадірін бейнелеп, өз өнерлерін паш етті. #біртұтастәрбие #тәрбиежәнетәртіп #құқықбұзушылыққақарсымын #қалапрокуроры