16
май
2024
"АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп директоры Х.Б.Мырзабаева және директордың оқу-тәрбие орынбасарлары және сынып жетекшілердің қатысуымен 14.05.2024 ж.күні 9 сынып ата-аналарымен бірге ата-аналар жиналысы болып өтті.
Ата-аналар жиналысында қаралған мәселелер:
Шымкент қаласы Управления образованияның 10.05.2024 ж.күнгі №197 -н/қ бұйрығына сәйкес
-"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚР-ның 2015 жылғы 28 қарашадағы №410-VҚ ҚРЗ орындау мақсатында және ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 жарлығымен бекітілген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағымен таныстыра отырып мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинамауға;
-ағымдағы жөндеу жұмыстарына;
-мектепке қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алуға қатаң тиым салынатындығын;
- 2024 жылдың мамыр айында "Ынтымақ" айлығы шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру,
-2024 жылдың 24 мамыр күні 1-9 сынып оқушылары үшін "Білімім-Отаныма" тақырыбында тәрбие сағаты өтілетіндігін;
-2024 жылдың 12-15 маусым аралығында аттастат табыстау іс-шарасы мектеп қабырғасында ұйымдастыру;
-2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай бітіруші 4,9 сыныптардың бітіру кештерін ұйымдастырмау туралы;
-Балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында табиғат аясында серуендеуге,өзен-көлдерге,шағын су алыптарына суға түсуге тиым салынатындығы туралы;
-24.05.2024 оқу жылының аяқталуына байлынысты сабақтан соң сағат 14:00-24:00 ге дейінгі жауапкершілік ата-ана мен сынып жетекшіге жүктелетіндігі айтылды.
Бітіруші түлектердің мемлекеттік емтихандардың өткізілу барысы туралы айтылып,ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып,жауап берілді.
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
Қосымша Білім Беру Орталығы