10
сентябрь
2024
"Тіл мәртебесі-ел мәртебесі" атты іс-шара ұйымдастырылды
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 67 негізгі орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тіл мәртебесі-ел мәртебесі" атты іс-шара ұйымдастырылды.
"5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні" бұл күні Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.Барша Қазақстандықтарда әліпбидің негізін салған ғалымның туған күні тілдер мерекесі аталып өтілді.
«Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
Іс-шарада ұстаздарымызға мақал-мәтелдердің жалғасын табу сұрақтары қойылып,оқушылар мәнерлеп өлеңдер оқып,ән айтып би билеп өнерлерін көрсетті.
Қадірлі тіл жанашырлары!
Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!