'"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"' ЖОБАСЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » '"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"' ЖОБАСЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК
19
сентябрь
2024

'"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"' ЖОБАСЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында мектепте білім берудің мазмұнына баса назар аударғаны белгілі. Сол жиында Президент «отандық кітапханалар  өздерінің ағартушылық рөлін жоғалтпай, заманауи талаптарға сай болуы тиіс», деп те атап көрсеткен еді. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын қажетті көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселесін де оңтайлы шешу жолдарын қарастыруды тапсырған болатын. 
Осы жиыннан соң іле-шала, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп –оқуға құштар ұлт» жобасын қолға алды. Бұл жоба білім саласын дамытудың Жол картасы аясында қолға алынып отырған маңызды бағыттардың бірі болатын. 
Әсіресе, соңғы жылдары «бүгінгінің жастары кітап оқымайды» деген пікірлердің жиі айтыла бастағаны да жасырын емес. Сонда оқушының кітапқа деген ынта-ықыласы жоқ па, әлде олар қызығып оқитын көркем әдебиет тапгы ма, кемшін бе? Он саққа кеткен ойымызға оралатыны да осы бір сауалдар еді. Мүмкін жас ұрпақты «кітап оқымайды» деп бекер жазғыра бергенше, олар қызығып оқитын дүниелерді көбірек басып шығарып, шалғай ауылдардағы мектептерге жеткізудің маңыздылығына мән берген анағұрлым тиімдірек секілді. 
– «Оқуға құштар мектеп» жобасын еліміздегі мектеп жанындағы кітапханалардың жұмысын дамыту арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде республика бойынша мектеп жанындағы кітапханаларда 200 млн. данадан астам кітап қоры сақтаулы екен. Олардың 38 миллионын көркем әдебиеттер құрайды. Осы көркем әдебиеттердің 20-30 пайызын 80-90 жылдары шыққан, ескі көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар құрап отыр. Осы ретте біздер Президент тапсырмасын зерделей келекітапхана қорын қызықты кітаптармен байыту ісін алдағы бес жылда толықтай қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, – деген директор Ғани Бейсембаев «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының жағдайынан азды-көпті хабардар етті..
«Оқулық» орталығының жетекшісі Ғани Бекетайұлы алдағы бес жылға жоспарланған жобада жастарды қызықтыратын төрт бағыт белгіленіп, сол тақырыптар аясында көркем әдебиеттерді шығарып, оны еліміздегі мектеп кітапханаларына таратуды көздеп отырғанын жеткізді.  Жоба жүзеге асқан жағдайда еліміздегі мектеп кітапханаларының қоры жыл сайын 20 пайызға жаңарып отырады екен. Тағы да айта кететін жайт, жоғарыда атап өткен бағыттар бойынша таңдалынып алған туындыларды білікті мамандардан құралған арнайы комиссия сұрыптап, талдағаннан кейін кітап болып басылып шығатынын айта кетуіміз керек.
Мектеп жасынан оқуға ынтасы оянған бала терең ойлы, жан-жақты тұлға болып қалыптасады. Еліміздің алдыңғы қатарлы мектептерінде арнайы «Оқу сағаты» деген жоба жұмысын бастап, бүгінде жалғастырып та жатыр. Яғни әрбір оқушы күн сайын 20 минутын кітап оқуға арнайды. Сондай-ақ мектеп кітапханашыларының мәртебесі мен еңбек ақысын көбейту туралы ұсыныстар да қарастырылуда. Енді мектепте «педагог-кітапханашылар» жұмыс істеуі әбден мүмкін.
«Кітап оқу дағдысын қалыптастыру арқылы Абай атамыз айтқан терең ойлы азаматтарды тәрбиелейміз. Дәл қазір біз цифрлы заманның ең алғашқы буынымен бетпе-бет келдік. Мұны ғылымда «Z» ұрпақ деп жүрміз. Балалардың жаманы болмайды, тек  мотивация нашарлау болуы мүмкін. Бес минуттан артық зейін қойып тыңдай алмайтын жаңа буын өкілдерін ешкім ақылсыз деп айта алмайды. Ал біз соған сай сабақ беру дағдысын да, жобаларды да жаңартуымыз керек. Бала уақытының бірнеше минутын күн сайын кітапқа бөліп жүрсе, кейін кітаптағы қазынаны өзі түсінеді» деді 
Білім-инновация халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Ермаханұлы.
Кітапханалар жұмысын оңтайландыру мен өскелең ұрпақтың кітап оқу сауаттылығын арттыру бойынша көркем әдебиеттің электронды базасын жасау және сандық технологияларды дамыту көзделген. Кітап оқуға қызығушылықты ояту үшін кітапханаларда ІТ, Coworking, STEM орталықтары ашылады.
Ия, кітап пайда болған кезеңінен бастап, адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығына айналып та үлгерді. Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деп бағаласа, Денри Дидро «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деп ой түйді. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп пікір қалдырды. Ал, дала данышпаны  Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп осы айтқандардың бәрін шегелегендей әсер қалдырады. 
Бірақ соңғы уақыттары адамдар осындай жан азығынан жыластап, рухани ақылшысынан алыстап бара жатқандай әсер қалдырып отыр.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жоспары облыс әкімдігімен бекітіліп,  2020 жылдың қараша айынынан бастау алды.
Жоба мақсаты – мектеп оқушыларының рухани мәдени дамуын қамтамасыз ету, олардың бойында жалпы адами құндылықтарды қалыптастыру, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру және өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту.
Осы жобаға мектеп педагогтары мен ата-аналарын да көптеп тартып, белсене қатыстыру, оқыған кітаптары туралы өз ойларымен бөлісіп отыруды насихаттау.

https://www.facebook.com/100041259901992/videos/1531173694169485/
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив