14
октябрь
2024
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ - БАСТЫ НАЗАРДА" АЙЛЫҚ НАУҚАНЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
№67 негізгі білім беретін мектебінде "Бала құқығы - басты құндылық" тақырыбындағы айлық іс-шаралар жоспары аясында 7-9 сынып оқушыларына әлімжеттіліктің, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ТЕДх жобасы негізінде "Өзіңнен баста! атты ашық микрафон пікір алмасу өтті.
Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Мырзабаева ашып, құқық бұзушылық пен жасөспірімдер арасындағы әлімжеттіліктің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар
мектеп инспекторы А.Атамбекова оқушылармен құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, отбасындағы құндылықтар, ұялы телефондағы ойындардың бала өміріне қауіпі туралы түсіндіріп, оқушылармен пікір алмасты.