«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапхана – рухани қазына» » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапхана – рухани қазына»
17
октябрь
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапхана – рухани қазына»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты № 67 жалпы орта білім беретін  мектептің 1 сынып оқушыларына 11.09.2024 ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапхана – рухани қазына» атты кітапханаға саяхат сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты : Кітапханалық – библиографиялық білімді насихаттау ісі – оқушылардың кітап оқуына басшылық етудің маңызды бір бөлігі болғандықтан, оларды оқу мәдениетіне ,кітапхана қорын пайдалана білуге,кітапты күтіп ұстауға, оны дұрыс таңдауға, түсініп оқуға тәрбиелеу. Шара барысында 1 сынып оқушылары Ж.Торекулованың жетекшілігімен кітапханаға алғаш рет саяхат жасап келді.Олар өз сыныптарынан шығып, «Көңілді поезбен” мектеп кітапханасына келді. Кітапхана меңгерушісі А.Кенжебекова кішкентай оқырмандарды кітапхананыңкітаптар қорын сақтау бөлмелерімен және кітап оқу,кітапхананы пайдалану ережесімен таныстырды.Әңгімелесу барысында  кітап– адам баласының сан ғасырлық ақыл–ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы, білім кітап оқу арқылы берілетінін айтты. Оқушылар кітапхана қорындағы жас ерекшеліктеріне лайықталған кітапшалармен танысты, «Ақымақ қасқыр» атты ертегіні тыңдады. Кітап туралы жұмбақтар беріліп «Шешуін тап» ойыны ойналды. Шара соңында кітапханашы оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив