18
октябрь
2024
ҚЫЗДАР КЕҢЕСІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
№67 негізгі орта мектебінде 2024 жылдың 17 қазан күні ДТІЖО М.Мырзабаеваның ұйымдастыруымен мектептегі қыздар ұйымының жиналысы өткізілді. Бүгінгі қозғалған тақырып:"Қызға қырық үйден тыю".
Кыздар ұйымының жетекшісі Г.Айнабек педагог-психолог Р.Сагиндикова мектеп ережесі, мектеп формасы, қызбала тәрбиесі тақырыбында баяндама жасап, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы, өзін-өзі реттеуі, қыздардың жүріс-тұрысы, денсаулығы туралы түсіндіріп өтті.
Қазіргі таңда өршіп тұрған түрлі вирустардан сақтану жолдарын туралы айтып, оқушыларды жылы киініп, дұрыс тамақтанып жүруге шақырды.
Жиналыс барысында ДТІЖО М.Мырзабаева бүгінгі танда жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар, әлімжеттік пен бұзақылық, ерте жүктілік, зорлық-зомбылықтың көбейіп жатқандығын айта келіп, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, мектептің ішкі тәртіп ережесін катаң сақтау, мектеп формасын сақтау, бала еңбегін канаудың алдын алу мәселесі бойынша айтып өтті.