20
ноябрь
2024
«Қант диабетінің алдын алу » тақырыбында семинар
14 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай №67 негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Айткулова Гүлназ Нұрланқызы zoom флатформасында «Қант диабетінің алдын алу » тақырыбында семинар өткізді.
Қант диабеті – ағзадағы инсулин гормонының жеткіліксіздігі немесе оның тиімді жұмыс істемеуі нәтижесінде қандағы глюкоза (қант) деңгейінің тұрақты түрде жоғарылауымен байланысты созылмалы ауру. Бұл аурудың ағзадағы зат алмасу процестерін бұзатыны соншалық, нәтижесінде дененің көптеген бөлігі, соның ішінде жүрек, қан тамырлары, бүйрек, жүйке жүйесі және көз зардап шегеді.
Қант диабетінің белгілері:
шөлдеу
зәр шығарудың жоғарылауы
құрғақ ауыз
жалпы және бұлшықет әлсіздігі
тәбеттің жоғарылауы
терінің қышуы
ұйқышылдық
шаршаудың жоғарылауы
нашар жазылатын жаралар
1 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда салмақ жоғалту
2 типті қант диабеті бар науқастарда семіздік.