20
ноябрь
2024
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
№ 67 негізгі орта мектебінде 6-9 сынып кыздарымен "Сыры көп, айтар қыз баланың" тақырыбында кыздар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл,
жүріс -тұрыс дағдысы,қыз намысы, сымбат туралы жан -жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік , әдептілік, әдемілік, сыпайылық, тазалық жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Жиналыс барысында "Аружан" қыздар ұйымының жетекшісі Айнабек Гүлжан Оңласынқызы мен мектеп медбикесі Аккулиева Гүлім және педагог психолог Райхан Сагиндикова мектеп ережесі, қыздардың тәртібі, тазалығы, мектеп формасы туралы айтып өтті.