20
октябрь
2021
«Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы»
Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. Ол туралы ел ішінде айтылатын қанатты сөздер мен тәсілдерден көруге болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді. Яғни, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді.